218 беттік арыз. Макрон жұбайын қорғап блогердің үстінен сотқа шағымданды

1764
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/keaZziT2QOCPIAf2FxwlV7UteKgK9ZCp3vdgPffT.png

Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның зайыбы Брижит Макрон америкалық блогер Кэндис Оуэнске қарсы жала жабу бойынша сотқа арыз түсірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BBC-ге сілтеп.

Бас-аяғы 218 беттік арыз АҚШ-тың Делавэр штатындағы сотқа жолданған. Құжатта Кэндис Оуэнс таратқан ақпарат "сандыраққа толы, жала жабуға бағытталған және шындықтан мүлде алшақ" деп сипатталады.

Әлеуметтік желілерде миллиондаған жазылушысы бар танымал блогер Оуэнс Брижит Макрон туралы жынысын ауыстырды деген ақпарат таратқан. Ол әлеуметтік желіде "Брижитке айналу" атты бейнероликтер сериясын жариялаған болатын. 

Макронның жан-жары Оуэнске жалған ақпаратты жоққа шығаруды бірнеше рет талап еткенін хабарлады. Алайда жауап болмағандықтан, мәселені сот арқылы шешуге мәжбүр болған.

Арыз мәтінінде Кэндис Оуэнстің жалған мәлімдемелерді әдейі таратып, қоғам арасында нақты мақсатпен жала жабу науқанын бастағаны көрсетілген. Ол тіпті Макрон мен Брижиттің туыстық байланысы барын, және Эммануэль Макрон АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының (CIA) сананы басқару бағдарламасы арқылы билікке келді деп мәлімдеген.

"Егер бұл жала жабудың айқын мысалы болмаса, онда ондай мысал мүлде жоқ", — деді Макрондар отбасын сотта қорғайтын адвокат Том Клэр.

Айта кетейік, бұған дейін Эммануэль Макрон балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қоюды ұсынған еді.

Комментарии
Другие материалы