Париждегі әскери парадта гвардия жылқысы президент алдында құлап қалды (ВИДЕО)

1394
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YeQQ0Y58JEaKflgLOb7qOS3FGWGhezms2rUrjfyG.jpg

14 шілдеде Франциядағы Елисей алаңында өткен дәстүрлі әскери парад барысында күтпеген оқиға болды. Моторлы әскер бөлімшелерінен кейін сап түзеу үшін шыққан республикалық гвардияның кавалериялық полкі екі бірдей жылқыны бақылауда ұстай алмай қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

BFMTV телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілгендей, жылқылардың бірі саптан шығып кетіп, шеру тәртібін бұзған. Ал екінші жылқы сүрініп кетіп, үстіндегі шабандозымен бірге президенттік трибунаның дәл алдында құлап түскен. Оқыс оқиға Франция президенті Эммануэль Макрон отырған трибунаның дәл алдында болған.

Франциялық журналистердің хабарлауынша, кавалерия мүшелерінің ешқайсысы жарақат алмаған.

Айта кетейік, бүгін Бастилияны алу күніне орай Францияда дәстүрлі әскери парад өтті. Оған шамамен 7 мың сарбаз бен офицер, 65 ұшақ, 34 тікұшақ және 247 әскери техника бірлігі қатысты.

Комментарии
Другие материалы