Бүгін ғана қызметінен босатылған Ресейдің көлік министрі өлі табылды

1897
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JQs9sfkyDy9wHhoy5Op0X6vGV3jHQHdUEaK2uemc.jpg

Бүгін, 7 шілдеде Ресейдің көлік министрі қызметінен босатылған Роман Старовойт Мәскеу маңындағы Одинцово қалалық округінде өлі күйінде табылды. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша Бас тергеу басқармасының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қазір болған жағдайдың мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі — суицид»,—делінген ведомство мәлімдемесінде.

7 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин Роман Старовойтты көлік министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Құжатта оның отставкасының себептері көрсетілмеген.

Старовойт бұл қызметке 2024 жылдың мамыр айында тағайындалған болатын. Бұған дейін ол бес жылдан астам уақыт бойы Курск облысының губернаторы болған.

Комментарии
Другие материалы