«Бір сағат бойы белдікпен ұрды». Қазақстандық рэпердің әйелі күйеуінен соққы көргенін айтты

873
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YXUpUG3JfqQEerWu5dlR20A4nvlPPJ8thchXIXti.jpg

Qurt лақап атымен белгілі қазақстандық рэпер Дамир Қойшыбаевтың әйелі Аружан Қойшыбаева әлеуметтік желідегі парақшасында көгерген денесінің суреттерін жариялап, күйеуі оған зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеді. деп хабарлайды “Адырна”.

Оқиға 27 маусым күні болған.

«Бәрі таңғы сағат 10-да болды, ол мені бір сағат бойы белдікпен сабады. Белдік үзіліп қалғанда басқа белдікпен ұрып-соқты. Мен пәтерден қашып шыға алмағандықтан, «көмектесіңдер, құтқарыңдар, мені өлтіріп жатыр» деп айғайлай бастадым. Даусымды естіген көршілер мені құтқарып қалды. Мен оны қатты жақсы көргендіктен бұл жағдай туралы айтуға қорықтым. Бірақ ол өз іс-әрекетіне еш өкінген жоқ. Денедегі жарақаттың барлығы тіркелді, ертең арыз жазамын. Ол достарымен келіп, мені видеоға түсіріп, «менің оған еш шағымым жоқ» деп айтуға мәжбүрледі. Кейбір достары маған қоқан-лоқы көрсетіп жатыр. Мен не істерімді білмеймін», - деп жазған рэпердің жұбайы.

Қазір Аружан күйеуі елден қашып, жауапкершіліктен құтылып кете ме деп қорқады. Жәбірленуші адвокаттардан көмек сұраған.

Комментарии
Другие материалы