Мәулен Әшімбаев жастарды «Адал азамат» тұжырымдамасына табан тіреуге шақырды

1242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/B3kqgZYmEDAZDkaU8dWME8llQQR2uCBO8aAnrSBZ.jpg

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысының талантты және белсенді жастарымен кездесуде елді жаңғырту және Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолында жас буын маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ Палата Спикері Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде іске асырылып жатқан жастарды қолдауға арналған шаралардың арқасында өскелең ұрпақ үлкен мүмкіндіктерге ие болып отырғанына назар аударды.

«Біз қазір білім және ғылым заманында, инновациялық технологиялар мен тың жаңалықтар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Осы кезеңде елімізде өзін-өзі дамытуға, жаңа дағдыларды меңгеруге, қабілетті шыңдауға, білім көкжиегін кеңейтуге, оның ішінде онлайн-оқуға барлық жағдай жасалған. Мұндай мүмкіндікті құр жібермеу керек. Сондай-ақ жеке тұлға ретінде қалыптасудың тағы бір маңызды тетігі – дұрыс құндылықтарды бойға сіңіру. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы осындай қағидаттарға табан тірейді. Сондықтан, ең алдымен, материалдық емес, интеллектуалдық капитал жинауға күш жұмсап, үздіксіз білім алуды әдетке айналдыру қажет», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы Палатаның жастарды қолдау бағытындағы жұмыстары жөнінде де айтып өтті. Бұл ретте Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен «Талдау мектебі» сияқты қоғамдық жобалар жайында сөз болды.

Комментарии
Другие материалы