«Қазақстандық телеарна жоқ». Сенатор көрші елдің идеологиялық ықпалына алаңдаушылық білдірді

1114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7xvktSJK5b2S5VzfKkjPrpzczNfUZoTd7syq7ES4.jpg

Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аудандарында тұрып жатқан халықтың дені көрші елдің телеарналарын көріп, идеологиясымен «уланып» жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы F16.kz сайтына сілтеп. 

Сондай-ақ сенатор өңір тұрғындарының арасында баласын көрші елдің оқу орындарына жіберетіндер де аз емес екенін айтып дабыл қақты. Оның сөзінше, бұл жағдай Қазақстанға қауіпті.

"Ол жақта интернетті қойып қазақстандық телеарналар жоқ. Бұл ауылдар көрші елдің телеарналарын көреді, сәйкесінше адамдар сол елдің бүкіл идеологиясын сіңіріп жатыр. Балаларын көрші елге оқуға жібереді. Енді сұрақ, бұл мәселені қалай шешпексіздер? Өйткені бұл бүгін пайда болған мәселе емес", – деді Ольга Булавкина жуырда өткен жиындардың бірінде.

Алайда сенатордың көрші ел деп отырғаны Қазақстанмен іргелес жатқан мемлекеттердің қайсысы екені белгісіз, депутат нақты атап көрсетпеді. Дөңгелек үстелге қатысып отырғандар мұны теріскейдегі стратегиялық серіктес – Ресей Федерациясы деп түсінді. Өйткені Шығыс Қазақстанның шекаралық аудандарында бұрыннан ресейлік телеарналар көрсетеді.

Комментарии
Другие материалы