Путин Украинамен келіссөздің үшінші раундына дайын екенін айтты

1219
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AknYUGfQqgGc8JQGSzKBdfRonvu8HSwbnyDMVm5H.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің Украинамен арадағы келіссөздің үшінші раундына дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы RBC жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

«Жалпы біз оған дайынбыз. Өтетін орны мен уақытын белгілеу керек», – деп мәлімдеген Путин.

Путиннің айтуынша, келіссөздердің үшінші раундында Ресей мен Украинаның жанжалды реттеу жөніндегі меморандум жобасы талқылануы тиіс.

Айта кетсек, бұған дейінгі екі кездесу Ыстанбұл қаласында өткен. Екіншісіне Украина президенті Владимир Зеленский барған, бірақ Ресей делегациясымен келіссөзге кірмеген.

Бір апта бұрын Ресей президенті Украина президентімен кездесуге дайын екенін айтқан.

Комментарии
Другие материалы