Әзербайжандағы киностудия қоймасында жарылыс болды

1055
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Lz2N5Sygvkeeey3eiukkSp8sCygrmbbS3wITegNn.jpg

Әзербайжан астанасы Бакудің Ясамал ауданында орналасқан Дж.Джаббарлы атындағы киностудияның пиротехника қоймасында жарылыс болды. Бүл туралы Trend жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Әзербайжан Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары қолға алынып жатыр. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, түсірілім кезінде қолданылған жарылғыш зат жарылып кеткен. Жарылыстан кейін киностудияда күшті өрт шыққан.

Бастапқыда куәлар жарылыстың дауысын фейерверк деп ойлаған.

Ақпаратқа сәйкес, азаматтар арасында зардап шеккендер жоқ, жарылыс болған аймақты полиция бақылауға алды. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Комментарии
Другие материалы