Трамп Иранға ондаған миллиард доллар мен ядролық нысанды қалпына келтіруді ұсынды

1231
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жаңа ұсыныс жасады. CNN ақпараттық агенттігінің дереккөздеріне сүйенсек, Вашингтон Тегеранға уран байытудан толық бас тартуының орнына азаматтық ядролық бағдарламасын дамытуға $30 миллиард көлемінде көмек беруді ұсынады, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл жобаны қаржыландыруды Парсы шығанағындағы мемлекеттер жүзеге асыруы тиіс, алайда нақты қай елдер екені хабарламада көрсетілмеген.

Жоспарға сәйкес, егер Тегеран келісім шарттарын қабылдаса, бұғатталған $6 миллиард иран активтері босатылады.

Ұсыныстағы тармақтардың бірі — АҚШ-тың соңғы әуе соққысы кезінде жойылған Фордо кешенінің орнына жаңа ядролық нысан салу. Бұл жаңа нысанда уран байытуға арналған инфрақұрылым болмайды.

Трамп бұған дейін Иранның ядролық бағдарламасы «толығымен жойылды» деп мәлімдеген болатын. Алайда БАҚ-тағы мәліметтер бұл соққының ауырлығына күмән келтіреді, кейбір ақпараттарда байытылған уранның бір бөлігі шабуылға дейін эвакуацияланғаны айтылған.

Комментарии
Другие материалы