Қазақстандық әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлова күйеуімен бірге заңсыз лотерея ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеме жасады.
Тергеу мәліметінше, ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілері арқылы автокөлік, пәтер және бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ұсынған лотерея өткізген. Алайда олар ресми лотерея операторы ретінде тіркелмеген.
Ұйымдастырушылар 500 теңгеден 50 000 теңгеге дейінгі бағада лотерея билеттерін сатқан. Нәтижесінде 162 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқаны анықталған.
Қазіргі таңда күдіктілердің жылжымайтын мүлкі мен банктік шоттарына тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.