7 жастағы қызды мерт қылған көлік жүргізушісі қамалды

1246
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/8fe3af3c-59ad-480b-961b-5699e58c7e8f-960x500.jpeg?token=883096c4a916213aa62d6895fbfa4d02

Алматы қаласында күні 7 жастағы қызды абайсызда басып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Әр адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі, кінәлілер жауапқа тартылады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелінде балаға жол бермеген автобус жүргізушісі ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автобус айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, 2 сәуір күні Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті. Жол-көлік оқиғасынан оқушы қыз мерт болды. Адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша сараптамалық зерттеулер жүргізілуде.

评论
其他材料