Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқыту форматына ауысты
Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқыту форматына ауысты
22.01.2025
1208
Бүгін еліміздің бірнеше аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Астана қаласында 0-ден 9-сыныпқа дейінгі 1-ауысымдағы оқушылар онлайн оқуға көшті. Бұл туралы ресми хабарламаны Астана қаласы әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы сейсенбі кешінде таратты.
"2025 жылдың 22 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", – делінген хабарламада.
Павлодар облысында да қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қатты желдің күшеюіне (екпіні 21 м/с дейін) байланысты Ақсу қаласы мен ауылдық аймақта 2025 жылдың 22 қаңтарында 1-ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл 3123 баланы қамтиды. Осыған байланысты мектепке жеткізу тоқтатылды.
Сондай-ақ Павлодар қаласындағы мектептердің 1-ауысымдағы сабағы тоқтатылды. Мектепке дейінгі және 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқытуға жіберілді.
Бұл шектеулер 9-сынып базасында оқитын 1-2 курс павлодарлық студенттеріне де қатысты. Абай облысында да қолайсыз ауа райына байланысты 1-ауысымдағы оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды.