"Ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар". Желіде полиция бастығының аудиосы тарағаны рас па?

1352
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы жергілікті полиция қызметі бастығының полиция қызметкерлеріне жолдаған аудиожазбасы таралып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Хабарламада "ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар" деген сөздер айтылған.
Аудио Telegram-арналардың бірінде жарияланғаны айтылды. Онда ер адам полиция қызметкерлеріне "ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар" деп айтқан. Аталған жағдайға Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Жарияланған жазбада көрсетілген уәждер тексеріліп жатыр. Барлық мән-жайлар анықталады. Полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
评论
其他材料