Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы Астана қалалық Мәдениет басқармасының "Бірлескен мұражайлар дирекциясы" директорының орынбасары және АЛЖИР мұражайының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлы Астана қалалық Мәдениет басқармасы "Бірлескен мұражайлар дирекциясы" директорының орынбасары, АЛЖИР мұражайының директоры ретінде тағайындалды.
Астана қаласы әкімдігі, ондағы Мәдениет басқармасы өте дұрыс таңдау жасап, оң шешім қабылдаған екен.
Дәулеткерей Кәпұлы 1977 жылы 9 тамызда дүниеге келген. Ол қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан ақындардың бірі. Оның шығармалары "Жыр тәңірі", "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы", "Байбесік тұмалары", "Тәуелсіздіктің нұрлы таңы", "Азаттық таңындағы азат жыр" сынды көптеген жыр жинақтарында жарық көрген. Дәулеткерей Кәпұлының марапаттары:

- Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері.
- "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
- Екі мәрте Мемлекеттік стипендия иегері.
- Астана қаласының 10 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.
- Моңғолия Демократиялық партиясының "Азаттық" орденінің иегері.


