«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығына жаңа төраға тағайындалды

3955
Adyrna.kz Telegram

Олжас Сәкенов «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы. 

1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы арқылы Пенсильвания университетінің магистратурасында «Халықаралық білім беруді дамыту» мамандығы бойынша білім алған.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Олжас Сәкеновтің «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында, білім беру саласындағы ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК-ның инвестициялық жобалар орталығын басқарды.

Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында қызмет атқарды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Комментарии