Түркия Ресейдің заңсыз аннексиясын тағы да мойындамады

35665
Adyrna.kz Telegram

Түркия Ресей билігінің Украина аймақтарын заңсыз қосып алған аннексиясын мойындамады. Бұл жайлы Түркияның сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Мәлімдемеде Түркияның 2014 жылғы Ресейдің Қырымды  паршалағанын мойындамай, үнемі Украинаның егемендігі мен тұтастығын сақтауға қолдау көрсеткендігі айтылды. Сондай-ақ:

"Дәл осы ұстаным жетегінде біз Ресейдің Донецк, Луганцк, Запорожье және Херсон аймақтарын өздеріне қосып алған жалаң аннексия саясатын мойындамаймыз", - деп хабарланды.

Мәлімдеме соңында сыртқы істер министрлігі Ресейдің шешімін жоққа шығарып, бұл әрекетін халқаралық заңдылықтарды белшесінен басу деп айыптады.

Комментарии