Қарағандыда ұлттық спорт түрлерін дамытуға жаңа бастамалар қабылданды

607
Adyrna.kz Telegram

2024 жылдың 12 қарашасында Қарағанды қаласындағы Н. Әбдіров атындағы спорт кешенінде “Қарағанды облысының ұлттық спорт түрлері қауымдастығының” алқа отырысы өтті. Шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей төрағалық етті.

Жиында ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Дауыс беру нәтижесінде Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нүркен Қобжанов қауымдастықтың жаңа президенті болып сайланды. Атқарушы директор лауазымына Темірхан Абылаев тағайындалды.

Қауымдастықтың негізгі бағыттары:

  • Көкпар, бәйге, аударыспақ, тоғызқұмалақ, жамбы ату сияқты 10 ұлттық спорт түрін дамыту;
  • Республикалық және халықаралық жарыстар ұйымдастыру;
  • Қажетті инфрақұрылым құру және ұлттық спортты насихаттау;
  • Жастарды ұлттық спортқа баулу арқылы патриоттық тәрбие беру.

Қауымдастық алдағы уақытта Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығымен, ҚР Туризм және спорт министрлігімен және Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп жұмыс атқаруды жоспарлап отыр.

Бұл бастамалар ұлттық спорт түрлерін насихаттау арқылы жас ұрпақтың рухани және мәдени байлығын арттыруға бағытталған.

Комментарии