Олар халыққа соңына дейін адал қызмет етті – Жеңіс Қасымбек

2620
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/imgonline-com-ua-black-white-xzrraonlhrwy.jpg

Бүгін елімізде Жалпыхалықтық аза тұту күні. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қайғылы оқиғада қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Бүгін Жалпыхалықтық аза тұту күні қаза тапқан бейбіт азаматтардың және өздерінің кәсіби борыштарын атқара отырып, қаза болған журналистер, дәрігерлер, өрт сөндірушілер, полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Олар халыққа соңына дейін адал қызмет етті, - деп жазды облыс басшысы Facebook-тегі парақшасында.
Жеңіс Қасымбек қаза болғандардың арасында жерлестері Әділ Нүркенов барын жазды.
- Қаза болғандардың арасында біздің жерлесіміз, Алматыда қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік органдарының капитаны Әділ Нүркенов бар. Әділдің отбасына барлық қажетті моральдық және материалдық қолдау көрсетілетін болады, - деп жазды облыс әкімі.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы