Израиль Тегерандағы мұнай қоймасына шабуыл жасады

453
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_3478.jpeg
Израиль Иран астанасы Тегеранға әуеден соққы беріп, қаланың солтүстігіндегі мұнай қоймасы мен оңтүстігіндегі отын сақтау базасына зақым келтірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы IRNA агенттігіне сілтеп. Агенттік мәліметінше, Шахран ауданындағы мұнай қоймасы мен қаланың оңтүстігіндегі отын резервуарына «сионистік режимнің» шабуылы жасалған. Қазір жағдай бақылауда. Бұған дейін Тегеран тұрғындары қалада жарылыстардың қатты дауысын естігені хабарланған еді. Сонымен қатар, Иран да Израильдің Хайфа қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жауап ретінде шабуыл жасап, онда да жойқын жарылыстар болғаны айтылған. Еске салайық, соңғы күндері Иран мен Израиль арасында қарулы шиеленіс ушығып, екі тарап бір-бірінің стратегиялық нысандарына соққы жасауда.
Комментарии