Астанадағы автобус апаты. Әкімдік аяғынан айырылған оқушыға көрсетілетін көмекті жариялады

1038
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/whatsapp-image-2024-10-05-at-15.40.06-960x500.jpeg?token=a63c1f9edc067939744e43365e5c556f

Астана қаласы әкімдігі автобустың жол апатына ұшырауы кезінде зардап шегіп, аяғынан айырылған жеті жасар қыздың отбасына қандай көмек түрлері көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

"Астана қаласында болған жол-көлік оқиғасына байланысты зардап шеккен баланың отбасына алғашқы күннен бастап жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Әкімдік пен автобус паркінің өкілдері баланың ата-анасымен және туыстарымен кездескен", деп хабарлады елорда әкімдігі.

Қолдау көрсету бойынша мынадай шаралар белгіленді:

  • автобус паркі сақтандыру полисі есебінен 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі (қазіргі уақытта заң аясында тиісті рәсімдер жүргізілуде);
  • қосымша автобус паркі тарапынан 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды;
  • отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалу кезеңінде уақытша баспана жалдау бойынша көмек ұсынылды;
  • медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр;
  • әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша сүйемелдеу қамтамасыз етіліп жатыр.

"Баланың жағдайы тұрақты, ол бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Зардап шеккен қыз баланың туыстарына қабылданған және ұсынылған шаралар туралы толық ақпарат берілді", деп нақтылайды әкімдік.

Сонымен қатар, ауруханада жатқан екі науқасқа да жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Олар да сақтандыру төлемін алатыны нақтыланады.

Айта кетейік, автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 2 маусымда кешке Астанада болды. Апат кезінде мектеп оқушысы қоғамдық көлікте болған. Соққы кезінде бала қатты қысылып қалып, аяғын қатты жарақаттады. Алайда зақымданған аяқты аман алып қалу мүмкін болмады. 4 маусымда дәрігерлер зардап шеккен қыздың есін жиғанын хабарлады.

Комментарии