Саяси күрес пе, қойылым ба? Трамп пен Маск текетіресті

1017
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/283e446e-1f5a-4741-becf-6b4eda456bbe-960x500.jpeg?token=9edb54df14e4217aabe9e52e7f98bfcb

Әлемдік ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде АҚШ президенті Дональд Трамп пен миллиардер кәсіпкер Илон Маск арасындағы ашық қақтығыс қоғам назарын аударды. Бұл жанжал тек жеке қарым-қатынастан емес, АҚШ-тың саяси, экономикалық және әскери мүдделеріне де әсер ететін маңызды оқиға ретінде бағалануда, деп хабарлайды “Адырна”.

«Царьград» басылымының пікірінше, бұл интернеттегі қақтығыс нағыз төңкеріс жасау әрекетіне ұқсайды. Трамп шабуылдарға төтеп беріп жатыр, бірақ бұл жағдайда ұтатын тарап — Ресей, деп санайды басылым.

5 маусымда Германия канцлері Фридрих Мерцпен өткен баспасөз мәслихатында Дональд Трамп журналистерге Маскпен қарым-қатынасы расымен бұзылғанын айтты. Бұған жауап ретінде Маск Трамп өзінің көмегінсіз сайлауда жеңіске жете алмас еді деп мәлімдеді. Тіпті Масктің қолдауы болмағанда, демократтар АҚШ Сенатында басымдыққа ие болар еді деді ол. Трамп бұл сөздерді жауапсыз қалдырмай, Маск өз міндетін дұрыс атқармай жүр және «есі ауысқан» деп жауап қатты. АҚШ президенті Маск компанияларымен мемлекеттік келісімшарттарды бұзып, барлық субсидияларды алып тастаймын деп сес көрсетті.

«Бюджетімізден миллиардтаған доллар үнемдеудің ең оңай жолы — Илонға тиесілі мемлекеттік субсидиялар мен келісімшарттарды тоқтату», — деп жазды Трамп.

Трамп әкімшілігінің Tesla компаниясынан EV-квотасын тартып алу шешімінің аясында Масктың компаниясының акциялары 15%-ға құлдырады. Осыдан кейін Маск Трамптың аты Эпштейн файлдарында бар деп мәлімдеді

және дәл сол себепті бұл файлдар әлі күнге дейін жарияланбаған деді. Бұл педофилияға тікелей меңзеу болды.

Бұрын Илон Маск АҚШ-тың Демократиялық партиясының саяси ұстанымдарын қолдаған. Оның Трампқа жасаған шабуылдары дәл осы саяси күшке ойнап жатыр деген пікірді Telegram-дағы Win/Win арнасы білдірді.

«Егер Дональд Трамп пен Илон Маск арасындағы қақтығыс — жай қойылым емес, нақты саяси күрес болса, оның салдары SpaceX үшін ғана емес, бүкіл Украина әскері үшін де өте ауыр болуы мүмкін. Себебі Маскты келісімшарттардан айыру — бұл тек зымыран ұшыру қызметтері бойынша мемлекеттік келісімшарттарға ғана емес, сонымен бірге ВСУ үшін жалғыз тұрақты байланыс арнасы болып отырған Starlink жүйесіне де соққы болады»,— деп жазады Telegram-дағы «Военная хроника» арнасы.

«Царьград» басылымының мәліметінше, бұл қарсыласудан қазір Ресей ұтып отыр. Басылымның дерегінше, егер АҚШ-тың NASA агенттігі Масктың компанияларымен ынтымақтастықты тоқтатса, олар Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болады, өйткені әлемдік нарықта бірегей аэроғарыштық жабдықты шығаратын басқа өндіруші жоқ. Онсыз Вашингтон ғарыш саласындағы көшбасшылығынан тез айырылып қалуы мүмкін. Алайда ұзақ мерзімді перспективада Трамп пен Масктың шайқасы ауыр салдарға алып келуі мүмкін. Егер демократтар Вашингтонда билікке қайта оралса, Ресейдің АҚШ-пен диалог орнату әрекеттері толықтай күйреуі ықтимал.

Комментарии