Миллиардер Маск мемлекеттік қызметтен кетеді

1027
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/ilon-mask-1-960x500.jpg?token=67b39bfb9fe5ea47f7a6655835b75b0f
Америкалық миллиардер Илон Маск “арнайы үкіметтік қызметкер” ретіндегі лауазымынан кететінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Маск өзінің қызметінен кететінін 29 мамыр, бейсенбіге қараған түні Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. “Арнайы үкіметтік қызметкер ретіндегі өкілеттігімнің мерзімі аяқталып келе жатқандықтан, маған ысырапшыл шығындарды қысқартуға мүмкіндік бергені үшін президент Дональд Трампқа алғыс айтқым келеді”, – деді ол. Маск басқаратын Үкімет тиімділігі департаментінің миссиясы алдағы уақытта нығая түсетініне сенімді екенін айтты. Оның пікірінше, бұл бастама уақыт өте келе бүкіл үкіметтің өмір салтына айналмақ. Еске сала кетейік, арнайы мемлекеттік қызметкер ретінде Масктың қызмет ету мерзімі 130 күнмен шектелген.
Комментарии