Алматы қаласының жаңа әкімі тағайындалды

1320
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/img_4280-960x500.jpeg?token=da261f66a6278dccfaa536e926aa401d
Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарып келген лауазымынан босатылды. “Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, - делінген Ақорда хабарламасында. Дархан Сатыбалды 1974 жылдың 26 наурызында дүниеге келген. Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылық институтын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы — экономист-менеджер және заңгер. Ол әр жылдары бюджеттік жоспарлау, қаржы бақылау, ғылым, ұлттық қауіпсіздік, әкімшілік басқару және сот жүйесін дамыту салаларында жауапты қызметтер атқарған. 2013–2015 жылдары Шымкент қаласының әкімі, 2015–2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2018–2019 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған. Соңғы жылдары Түркістан облысын басқарған Дархан Сатыбалды 2025 жылдың қаңтарында Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Енді ол елдегі ірі мегаполис – Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге шығаруға жауапты болады.
Комментарии