Әкімсіз қалған екі облыстың мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияға шақырылды

1166
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/ea64e3bd-4502-4ed8-8379-8f69a2c2d9e9-960x500.jpeg?token=e296654ae06f04e0fb14814663528e62

Әкімсіз қалған екі облыс мәслихатының депутаттары кезектен тыс сессияға шақырылды. Бұл туралы Абай облысы маслихатының сайтында жарияланған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін тағайындауға депутаттардың келісім беру ережелерінің 5,6-тармақтарына сәйкес Абай облысындағы маслихат депутаттарының жиналысы 2025 жылғы 17 ақпан күні сағат 12.30-да Семей қаласындағы Абай атындағы театрдың үлкен

залында өтеді», – делінген Абай облысы маслихатының сайтында жарияланған хабарламада.

Ұқсас хабарлама Шығыс Қазақстан облысы маслихатының сайтында да жарияланды, онда сессия 2,5 сағат ертерек – 10.00-де басталатыны айтылған.

Еске сала кетсек, 14 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевты Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатып, Нұрлан Ұранхаевты Абай облысының әкімі қызметінен босатты. Сонымен қатар, Көшербаев вице-премьер қызметіне тағайындалды.

Комментарии