Тәжікстандағы билікті басып алу әрекеті және мемлекетке опасыздық жасау ісі бойынша айыпталушылар соңғы сөзінде өз кінәларын мойындаған жоқ. Бұл туралы «Азия-плюс» агенттігі өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы
22 қаңтарда Душанбедегі тергеу изоляторында «төңкеріс жасау» ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Атап айтқанда, Тәжікстанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи зейнеткерлікке шыққаннан кейін өзін толығымен ғылымға арнап, саясаттан алшақтап кеткенін айтты. Ол ғылыми мақалалар мен кітаптарды ұсынып, тағылған айыпты жоққа шығарып, босатуды сұрады.
Тәжікстанның Социал-демократиялық партиясы бірінші вице-президенті заңгер Шокирджон Хакимов өзіне қарсы барлық айыптауларды теріске шығара отырып, өз өмірін мемлекет пен ұлт мәселелерін шешуге арнаған нағыз патриот екенін атап өтті. Сөз сөйлегендер соттан оларды босатуды сұрады.
Еске сала кетсек, сотталушылар қатарында Зарифи
Олардың көпшілігі Тәжікстанның Қылмыстық кодексінің 305-бабы («Мемлекеттік опасыздық») және 306-бабы («Билікті басып алу») бойынша айыпталуда. Кейбір сотталушыларға 247-бап («Алаяқтық») және 189-бап («Ұлтаралық, нәсілдік, аймақтық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша айыптар тағылған.
Сот процесі жабық түрде өтіп жатыр, ол туралы ақпарат құпияландырылған. Алғашқы отырыс 14 қарашада өтті. Ал 8 қаңтардағы отырыста прокурор сотталушыларға 20 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.