Біреуі мерт болды. Атырауда бесінші қабаттан екі жұмысшы құлап кетті

1315
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/bf7a8c52-ce25-49e7-92da-3f694b3f89cb-960x500.jpeg?token=bdaaedfce897bd1720de7f4f52ade31d

Атыраудағы тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап, біреуі оқиға орнында мерт болып, екіншісі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы AtyrauPress басылымына сілтеп.

«Атырауда құрылыс алаңында қайғылы жағдай болды: екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап, біреуі мерт болды, екіншісі ауруханада жатыр», - делінген хабарламада.

Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі 20 қаңтарда сағат 11:15 шамасында бұл оқиға болғанын хабарлады. Құлау салдарынан 43 жастағы ер адам мерт болып, оның 33 жастағы әріптесі облыстық ауруханаға жеткізілген.

Оқиға бойынша тергеушілер қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Комментарии