Жеті баласы бар. Батыс Қазақстанда жол апаты орын алды

2049
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Батыс Қазақстанда төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жол-көлік оқиғасы 24 тамыз күні таңғы 7.00 шамасында Жалпақтал кентінің маңында болған. Казталовка-Орал тас жолында автокөлік жол бойында тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысқан.

Төрт адам оқиға орнында тіл тартпай кетті,.

Қаза тапқандардың арасында Казталов полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция майоры Марлен Қарабаев та болған. Онымен бірге көлікте болған жұбайы да қайтыс болды.

Марқұмдардың артында бес баласы жетім қалды.

Уральская неделя басылымының мәліметінше, көлікте қайтыс болғандардың барлығы сыныптастар. Полицей отбасынан бөлек, қаза тапқандардың ішінде ерлі-зайыпты болған. Олардың соңында жеті баласы қалды.

Айта кетейік, Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза тапты, оның ішінде екі патруль болғанын жазған едік. Тойота Альфард жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, полицияның "Skoda Octavia" патрульдік көлігімен соқтығысқан.

Пікірлер