• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Жасынның оты жанымда

    Жасынның оты жанымда

    Құрметті Алматылықтар мен қала қонақтары! 27 сәуір сағ. 19:00-де Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ақын, ҚР Мәдениет қайраткері  Серік Қалиевтің «Жасынның оты жанымда» атты шығармашылық кеші өтпекші.    

    Қалиев Серік Акрамұлы 1972 жылы  Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби  атындағы  қазақ ұлттық  университетінің  филология  факультетін, магистратурасын  тәмамдаған. Қазақстан Жазушылар одағының, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының мүшесі. Республикалық ақындар айтысының жүлдегері. «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар  антологиясы» жыр жинақтары  мен «Жыр маржан» атты 10 томдық позия антологиясына топтама  өлеңдері енген.  «Көзайым» (2007), «Уақыт керуені» (Атамұра ,2012)  өлең кітаптарының  авторы.  Елуге тарта  танымал  әндердің  өлеңдерін  жазған.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінің  Студенттер  клубының  директоры, Қазақ радиосында бөлім бастығы, «Атамұра» корпорациясында аға редактор, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Қыздар университеті»  баспасының  директоры қызметтерін атқарған. 2010 жылы ҚР  Мәдениет  қайраткері  төсбелгісімен марапатталған.

    a2


    “Адырна”. кз

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды құттықтады

    Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда ...