• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Қытайдың Қазақстанмен шекаралас өлкесінде «ұлы қорған» тұрғызылмақ

    Қытайдың Қазақстанмен шекаралас өлкесінде «ұлы қорған» тұрғызылмақ

    Биыл Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде 5700 шақырым шекара бойында шекара бақылауы күшейтіліп, жаңа «Ұлы қорған» құрылады, деп хабарлайды China Daily.

    Шыңжаңдағы «Ұлы қорған» өңірге шетелден экстремизмнің, сепаратизм мен терроризмнің кіруіне жол бермеу мақсатында құрылмақ, деп мәлімдеді дүйсенбі өңірдің төрағасы Шохрат Закир.

    Шенеуніктің айтуынша, ел билігі маңызды облыстардағы қауіпсіздікті толықтай қамтамасыз ету үшін бар мүмкіндігін пайдалануда.

    Сондай-ақ, өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қолдау үшін ШҰАӨ билігі шекара аудандарында инфрақұрылымды дамытып, Интернеттегі қауіпсіздік және бақылау шараларын күшейтуді жоспарлағаны хабарланды.

     


       inform.kz

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Азия елінде алғаш рет біржынысты некеге рұқсат етілді

    Тайвань парламенті біржынысты некені заңдастыруды қолдады. Бұл Азия елінде біржынысты некені заңдастырған алғашқы жағдай. Парламент ...