• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Томирис Байсафаның қаза болуына қатысты іске Тасмағамбетов араласты

    Томирис Байсафаның қаза болуына қатысты іске Тасмағамбетов араласты

    Қазақстандық дипломаттар Томирис Байсафаның қайтыс болуына қатысты істің тергелу барысын жіті қадағалауда. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов бұл іске тікелей араласты.

    Бұл туралы «Қазақ үні» порталы КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазіргі уақытта іс аса маңызды санатқа жатқызылған.

    Мамырдың 18 күні Тасмағамбетов Ресейдің Тергеу комитетінің бірінші басшыларымен жеке кездесіп, бұл істің ашық әрі әділ жүруін талап етті.

    Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, ресейлік тарап та істің әділ өтуіне толықтай құлық танытуда.

    Естеңізге сала кетсек, Томирис Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатындағы терезесінен құлап кетіп, қаза тапқан еді.


    «Қазақ үні» порталы

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды құттықтады

    Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда ...