• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Танымал дәстүрлі әнші Аяз Бетбаев қайтыс болды

    Танымал дәстүрлі әнші Аяз Бетбаев қайтыс болды

    Аяз Бетбаев 1942 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында туған. Ақын, әнші, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Термеші, композитор. 1970 жылдан Шу ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істеген.

    “Ақ қайың”, “Сағыныш”, “Махаббат жұлдызы”, “Жұлынған гүл” әндері кең тараған. “Жетісу әуендері” күйлер жинағы, “Шу толқындары” кітабы жарық көрген. Мәскеуде өткен 2-ші Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты. Ол «Құрмет» орденінің, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінің иегері. Аяз Бекетайұлының еліміздің мәдениет саласына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Аяз Бетбаев жырлаған “Ақбөпе”, “Сағыныш”, “Ғашықтар”, т.б. жыр-термелері халық жүрегінен ерекше орын алған.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    “Қызыл Ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, таратты

    Құрбан айттың алғашқы күні   “Қызыл ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалды.  Шымкент ...