• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Түркістан шаһары түркі әлемінің 2017 жылғы астанасы болып жарияланды

    Түркістан шаһары түркі әлемінің 2017 жылғы астанасы болып жарияланды

    Бұл шешім Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты кеңесінің XXXIV отырысында бірауыздан қабылданған.

    Алқалы жиынға ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері, Түркі кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы мен Халықаралық Түркі Академиясының өкілдері қатысты. Басқосуда ұйымның бір жылда атқарған іс-шаралары сараланып, алдағы жұмыс жоспары бекітілді.

    Осылайша Түркістан елордамыз Астана мен Түркияның Ескишехир, Түркменстанның Марысымен Әзербайжанның Шеки қаласынан кейін, мұндай мәртебеге лайық деп танылған 5-ші шаһар атанды.

    Кемал Челик, Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің экс-депутаты:

    – Түркістанды білмейтін түрік кем де кем. Өйткені біз Қазақстанды атажұртымыз, ал Түркістан қаласын барлық түркі халықтарының мәдени және рухани орталығы ретінде ерекше қастерлейміз. Тарихи шаһарды ТҮРКСОЙ түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялады. Бұл жаңалыққа шын жүрегіммен қуанғанымды жасырмаймын. Себебі мұндай мәртебеге ол әбден лайық. Енді Түркістанға жиі-жиі қыдырып баратын боламыз. Бұл әрине, қаланың тыныс-тіршілігі мен туристік әлеуетінің артуына зор мүмкіндік ашпақ.


    24.kz

     

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Денис Тенге шет елден “тапсырыс” берген бе?

    Денис Теннің өліміне қатысты соттың кезекті отырысы тосын мәлімдемелерге толы болды. Тен тарабының қорғаушысы Нұрлан ...