• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Синоптиктер бірнеше облыста үскірік аяз әлі біршама уақыт тұрақтайтынын айтты

    Синоптиктер бірнеше облыста үскірік аяз әлі біршама уақыт тұрақтайтынын айтты

    Қазақстанның ауа райын әлі де антициклон анықтайды. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Қазгидромет.

    Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

    Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінде жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

    Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Ақтөбе облысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау, түнде Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

    Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады, солтүстігінде кей жерлерінде өте қатты аяз болады.

    Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте қатты аяз болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстараның кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.


    nur.kz 

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Денис Тенге шет елден “тапсырыс” берген бе?

    Денис Теннің өліміне қатысты соттың кезекті отырысы тосын мәлімдемелерге толы болды. Тен тарабының қорғаушысы Нұрлан ...