• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » “Серпін” түлектері орысша білмегендері үшін жұмыссыз қалуы мүмкін

    “Серпін” түлектері орысша білмегендері үшін жұмыссыз қалуы мүмкін

    Солтүстік Қазақстан облысында «Серпін» бағдарламасымен біліп алып жатқан жастардың көбі орыс тілін жетік білмеуіне байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін.

    Оңтүстіктен келіп, дені мұғалім мамандығын игерген олар тек қазақ тілінде сабақ бере алады екен. Ал өңірде қазақша мектептердің саны тым аз. Барының өзі тым шалғай ауылдарда.

    «Негізі ұсылынып жатқан вакансиялардың барлығы орыс тілінде. Мен өзім қазақ тілінде білім алғандықтан, маған орыс тілінде беруге менің мүмкіндігім жоқ. Маған негізінен қазақ тілінде ұсынылып отырған вакансиялар көбінесе ауылдық жердерден алыс жерлерден болып тұр. Және де қаладан Петропавл қаласынан алыс жерде. Және де екінші проблема туғызып тұрған жататын орын болып тұр. Баспана мәселесі болып тұр», – дейді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Меруерт Ахмет.

    Әрине, 4 жылда қалаға үйренген жастар 300-400 шақырым жердегі  ауылдарға барғысы келмейді. Оның үстіне ондағы шағын мектептерде сағат саны табылып,  жалақысының  тиісті деңгейде болатынына да ешкім кепіл бермейді.

    Демографиялық ахуалы мүшкіл теріскейде халық санын көбейтуге бағытталған «Серпін» бағдарламасы бойынша өңірде бір жарым мың студент білім алып жатыр. Оның 130-ы жоғары оқу орнын биыл тәмамдайды. Бұлар аталған бағдарламаның алғашқы түлектері болмақ.

    Бүгін солармен кездескен атқамінерлер аудан әкімдерімен кеңесіп, түлектерді теріскейде қалдыруға тырысатынын жеткізді. Сондай-ақ, мақсаты дәл осындай  өзге бағдарлама бойынша биыл солтүстікке 700-дей отбасы қоныс аударуы тиіс екен. Шенділер биылғы түлектерді де соған қатыстырып, бір оқпен екі қоян атып алмақшы.


    sn.kz

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Алматы циркінде – “Азия жаңғырығы”

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...