Home » Жаңалықтар (page 30)

Жаңалықтар

АЛДАҒЫ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Семейде Отан Қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіс Күніне байланысты 100-ден астам іс-шара өтеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев мәлімдеді. – Біздің қала Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін атап өтуге белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Осы күндері жоспарланған іс-шаралар саны 100-ден асады. Мереке еңбек ұжымдарында, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ мәдениет мекемелерінде аталып өтіп, негізгі ...

Read More »

“Канелоның” жекпе-жегінен қайтып келе жатқан жанкүйерлер мінген ұшақ құлады

Ұшақтың ішінде 11 жолаушы және 3 экпипаж мүшесі болған  Мексикада Bombardier Challenger 601 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости. 5 мамыр күндіз ұшақпен байланыс үзіледі. 12 сағатқа созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар апатқа ұшыраған ұшақты Коауила шатындағы таулы аймақтан тапқан. Жеке меншік ұшақтың ішінде 11 жолаушы және 3 экпипаж мүшесі болған. Мексикалық БАҚ-тың хабарлауынша, ...

Read More »

“Бірдеңе жазуымды сұрады”: Оралда полицейлер алаңға бос плакат ұстап шыққан жігітті ұстап әкеткен

Оралда Абай атындағы алаңға бос плакат ұстап шыққан тұрғын полиция қызметкерлерімен ұсталды. Ол осындай әрекеті арқылы Қазақстанда азаматтық құқық жоқ деген пікірін білдіргісі келген. Бұл туралы «Уральская неделья» басылымы хабарлайды. 24 жастағы Аслан Сағутдинов 6 мамырда қолына бос плакат ұстап, қалалық әкімдіктің алдындағы Абай атындағы алаңға шыққан. Оның сөзінше, ол бос плакатты ұстап, Қазақстанда сөз бостандығы мен демократия жоқ деген ...

Read More »

ОҚУ ОРЫНДАРЫН БЕЙІМДЕУ ЖОСПАРДА

Талдау және болжау институтының ғимаратында мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сарапшылық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде облыс орталығында Чернобыль АЭС болған апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға арналған ескерткіш орнату және облыстағы білім беру ұйымдарын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне қарай бейімдеу сұрақтары қаралды. Отырысқа сарапшылық жұмыс тобының мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері, облыстық мәслихаттың депутаты және БАҚ журналистері қатысты. Алғаш ...

Read More »

Тимур және Динара Құлыбаевтар «Халық банкін» сатпақшы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның акциялары сатылатын болады. Алайда, «АЛМЭКС» холдингтік тобы негізгі акционер болып қала бермек. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында хабарланды 2018 жылдың шілде айында өзіне «Казкомерцбанкті» қосып алған «Халық банкі» Тимур және Динара ҚҰЛЫБАЕВТАРҒА тиесілі екені баршаға аян. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы таза табысы 62,1 млрд теңге. Бұл 2017 жылмен ...

Read More »

Білім министрі: ең бірінші мәселе – қазақ тілін оқыту

Білім министрі Күләш Шәмшидинова мектептер ағылшын тілінде сабақ беруге қандай жағдайда көшетінін айтты Білім ордалары ағылшын тілінде сабақ беруге мектеп толығымен дайын болған жағдайда ғана көшеді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында білім министрі үштілділік мәселесіне тоқталды. “Ең бірінші мәселе – қазақ тілін оқыту. Екінші орыс тілі, ағылшын ...

Read More »

Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы соңғы болып “Ұлт тағдыры” қозғалысы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Әміржан Қосановқа куәлік табыстады. ОСК мүшесі Ақылбек Ихданов 27 сәуір күні “Ұлт тағдыры” қозғалысы Қосановты ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынып,  президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; президенттікке кандидат ретінде Қосановтың дауысқа түсуге келісім бергені туралы кандидат өтініші мен өмірбаяндық деректері; сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат ұсынылып ...

Read More »

Шереметьево әуежайы. 41 адам қайтыс болды.

Мәскеуде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ондаған адам опат болды. Алдын ала ақпарат бойынша, Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонған соң өртенген ұшақтан адамдардың бір бөлігі сыртқа шыға алмай қалған. Мамырдың 5-і күні кешке Ресей тергеу комитеті Мәскеудің Шереметьево әуежайында “Аэрофлот” әуе компаниясының “Сухой Суперджет” жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 41 адам қаза тапқаны туралы хабарлады. Ұшақта барлығы 73 жолаушы мен 5 экипаж ...

Read More »

7 мамырда әскери парад болмайды: Қорғаныс министрлігі себебін түсіндірді

Қорғаныс министрлігінде әскери парад жыл сайын өткізілуі тиіс деген регламент жоқ Биыл Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад болмайды. Қарулы күштердің бөлімшелері дайындықтарын оқу-жаттығу кезінде  көрсетті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан ресми сауалына. “Отан қорғаушылар күніне орай әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ”,- деп жазылған Қорғаныс министрлігінің жауабында. Биыл Қарулы күштер бөлімшелері парадының орнына “Айбалта 2019” стратегиялық ...

Read More »