• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Басты тақырып » Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды

    Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды деп хабарлады 16 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі. Назарбаев сапар барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен, ресми және іскер топ өкілдерімен кездеспек. Назарбаев 16-18 қаңтар аралығындағы сапарында сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынына да қатысады.

    Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз қызметі Вашингтонда екі ел президенті аймақтық қауіпсіздік, экономикалық мәселелер мен АҚШ-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты талқылайтынын, бірнеше халықаралық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды сөз ететінін хабарлаған.

    Ал Қазақстанның мемлекеттік ақпарат агенттіктері екі ел президенті Ресеймен қарым-қатынас, Сириядағы соғыс және сауда мәселелерін талқылайтынын хабарлаған.

    Қазақстандық кейбір сарапшылардың болжамынша, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарында демократия мен адам құқығы мәселелері талқылануы екіталай. Мамандар “АҚШ президенті Дональд Трамп пен Назарбаев Ұлттық қордың америкалық банкте “бұғатталып жатқан” ақшасы сөз етуі ғажап емесін» айтады.


    azattyq.org


     

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    № 1 үміткер. Бақытжан Сағынтаев

    Серік Елікбайдың саяси рейтингісі Бақытжан Сағынтаев.   Бірінші топтан. Бүгінгі премьер-министр президенттікке бірден-бір үміткер,  ақ қолтыққа ...