• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған заң қабылданды

    Мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған заң қабылданды

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Аxмедияров мәлім етті. 

    “Жаңа заң “100 нақты қадам” ұлттық жоспардан құралған стратегиялық қызметтерді тиімді іске асыруға және осы саладағы қызметтерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Заң қолданыстағы цирк, театр өнері, музей және кітапхана қызметтері, қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруды, сонымен бірге тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша мәдениет саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар, Қазақстан ратификациялаған материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция негізінде материалдық емес мәдени мұраны қорғауға және БҰҰ қызметіне Қазақстанның қатысуына бағытталған нормалар қамтылады”, деді вице-министр.”Тоқтала кететін жайт, заңға сәйкес, енді Қазақстан аумағында жаңа құрылыстар мен монументтерді орнату, тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-жаңғырту жұмыстарын жүргізу мәселелері қарастырылмақ. Заңда сондай-ақ, мемлекеттік мүлік болып табылатын тарихи-мәдени мұра нысандарына қатысты жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін ажырату көзделеді”, деді Ғ.Аxмедияров.Айта кетейік, жаңа заң мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. Қазақтың ұлттық мәдениетiн, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетiн жасау, жаңғырту, сақтау, дамыту және тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді. 


     
    Дана САҒЫНБЕК

     

     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Алматы циркінде – “Азия жаңғырығы”

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...