• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Ерлан Арын “Рухани жаңғыру” институтына директор болып тағайындалды

    Ерлан Арын “Рухани жаңғыру” институтына директор болып тағайындалды

    Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі “Рухани жаңғыру” институтының директоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Оның тағайындалғаны жөнінде университет сайтында жарияланды. ЖОО мәліметінше, Ерлан Арын 2018 жылы 2 наурызда Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің белорус-қазақ мәдени-танымдық орталығының ашылуына қатысқан. Орталық екі жоғарғы оқу орындарының одақтастығының аясында ашылған.

    Осы орталық “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады. Оның басты мақсаты  – ҚР мен БР жоғарғы оқу орынарының халықаралық байланысы, өзара түсіністік деңгейін арттыру және мәдени шаралар барысында белорус және қазақстандық студенттердің достығын нығайту.


    kaz.tengrinews.kz

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    “Қызыл Ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, таратты

    Құрбан айттың алғашқы күні   “Қызыл ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалды.  Шымкент ...