• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Басты тақырып » Елбасы АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша тапсырмалар берді

    Елбасы АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша тапсырмалар берді

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, – деп хабарлайды Ақорда.

    Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Нұрлан Онжанов пен Әлихан Смайылов қатысты.

    Мемлекет басшысы  АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

    “Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Сонымен қатар, Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.


    tengrinews.kz


     

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Әміржан Қосанов, «Жаңа Қазақстан» форумы: «Үкіметке обал болды деп жатқан ешкім жоқ!»

    Үкіметтің отставкасы еліміздің тұрғындарын бей-жай қалдырмаса керек-ті. Себебі, жүздеген әлеуметтік желі қолданушылары өз пайымдарын жасауда. ...