• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » ЭКСПО кезіндегі мәдени шараларға 9млрд тенге жұмсалатын болды

    ЭКСПО кезіндегі мәдени шараларға 9млрд тенге жұмсалатын болды

    ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясындағы мәдени-спорттық шараларды ойдағыдай өткізу үшін Қазақстан 9 млрд теңге жұмсамақшы екен . Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

    «Мәдени-спорттық шараларға 9  млрд теңге қажет. Бұл қаржының 90 пайызы қазақстандық ұжымдардың шараларына арналған. Яғни, Қазақстанның өнер ұжымдарының шығынын біз өз мойнымызға алдық»,-дейді министр. Оның айтуынша, қаржының 10 пайызы шетелдік әртістер мен ұжымдардың концерттерін ұйымдастыруға жұмсалады. Оның үстіне, бұл қаржының көбін демеушілер бөлген. «Мысалы, «Эни» компаниясы Ла Скала театрының келіп, кету шығынын өз мойнына алады»,-деп хабарлады Арыстанбек Мұхамедиұлы.


    “Адырна”

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды құттықтады

    Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда ...