• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Екі ауыл жастары неге атысты?

    Екі ауыл жастары неге атысты?

    Жамбыл облысындағы жаппай атыста ұрланған қарулар қолданылыпты. Оқ борап он адам жараланған атыста біреуі бақилық болды. Жақ-жаққа бөлініп атысқан Құмтиын мен Қаракемер ауылының жастары. Қарулы қақтығыстың қатысушыларына бүгін сот үкімі оқылды.

    Жәбірленушілер кешірім бергенімен сот жұмсақтық танытпады. Жұртты жайратып тастаған Тілеубековке 17 жыл жаза кесілді. Маймаков пен Амантаев алты жыл арқалады. Тағы екі қатысушы Олжас Жапаров пен Ниятолла 3 жыл алты айға сотталды. Тек Нурлыбаев қана бес жыл шартты жазамен сот залынан босатылды. Жалпы Құмтиын ауылында қырғын салған алты адам жазаға тартылды. Сот барысында атылған оқ та, жартылай автоматты аңшы мылтығы да іздеуде жүргені белгілі болды.

    ЖАМБЫЛ ЖУМАБЕКОВ, судья:    

    – Ол мылтықты құқық қорғау қызметкерлері іздеп жүрген. Таппаған. Мына жерде төбелесте атылып отыр ғой.

    _____________________________________________________________________________________________________________

    31.kz

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    “Қызыл Ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, таратты

    Құрбан айттың алғашқы күні   “Қызыл ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалды.  Шымкент ...