• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Дәстүрлі өнер баса дәріптелуі тиіс

    Дәстүрлі өнер баса дәріптелуі тиіс

    Бүгін «Алатау» дәстүрлі өнер театрына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Дархан Қамзабекұлы Мыңбай келді.  Алматы қаласы, Алатау аудандық “Нұр Отан” партиясы филиалы мен “Алатау” дәстүрлі өнер театрындағы «Мәдениет» партиялық бастауыш ұйымының бастамасымен келген халық қалаулысына  директордың шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары Азамат Ақан, бас режисер Жұлдызбек Жұманбай, көркемдік жетекші Дина Обаевалар Театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

    «2018 жылы театрымызда фольклорлық-этнографиялық ансамблі, бишілер тобы, актерлар труппасы құрылды. Осылардың бәрінің басын сахналық қойылымдарда қоса отырып дәстүрлі өнеріміздің синтезделген үлгісін көрермендерімізге ұсынғымыз келеді. Өткен жылы алғаш болып ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен бірлесіп түркітілдес халықтардың «Алатау алабында» атты дәстүрлі өнер фестивалін өткіздік. Тырнақалды туындымыз жыр алыбы Жамбылдың өмірінің кейбір тұстарын суреттейтін «Жыр-жолбарыс» қойылымы да көрермен тарапынан жоғары бағаланды», – деді театрдың бас режисеры Жұлдызбек Жұманбай.

    Дархан Қамзабекұлы да  «Жыр-жолбарыс» қойылымы халықтың ыстық ықыласына бөленіп жатқанын естіп, біліп отырғанын,  болашақта осындай ұлттық нақыштағы қойылымдарға көбірек мән беру керектігін баса айтты.

    Театрдың басты мақсаты және басқа театрлардан ерекшелігі дәстүр мен ұлттық өнерді дәріптеп, өз көрерменімізді қалыптастыру. Биылғы жыл жастар жылы болғандықтан қаламыздағы ірі оқу орындарының студенттері арасында дәстүрлі өнер фестивалін өткізбекпіз. Сонымен қоса «Қыз Жібек» сынды жыр-дастандарымызды жаңа форматта сахыналасақ деген ойларымыз бар. «Қымызхана» атауымен шағын аудиторияға арналған дәстүрлі ән, жыр, күйшілік өнерлердің әр мектебінің өкілдерін қатыстыра отырып лекция концерт түріндегі танымдық дүниелерді іске асырсақ деп жоспарлап отырмыз. Жасөспірім көрермендерімізге арналған да жобаларымыз бар. Оған Театрымыздың барлық мүмкіндіктері жетеді», – деп атап өтті Жұлдызбек Жұманбай.

    Театр ұжымымен кездесу барысында  Дархан Қамзабекұлы «Алатау» дәстүрлі өнер театры дәстүрді дәріптейтін еліміздегі бірегей өнер ошағы екеніне тоқталды. Басшыларыңыз өнер мен ғылымды тең ұстаған азамат.  Шығармашылық жағындағы жетекшілеріңіз бар барлығы кәсіби мамандар. Қарап отырсам ұжымдарыңызға  кілең жастар жиналған екен. Сіздерді біріктіріп отырған ортақ идея – дәстүрлі өнерге деген құштарлық деп ойлаймын. Биылғы  жастар жылында «бізге не айтса, соны жасаймыз» деп қарап отырмай, өздеріңіз идея ұсынып, іске асырыңыздар.  Елбасымыздың өзі баса көңіл бөліп отырған ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытатын сіздерсіздер. Алдағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деп, Театрдың атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын жеткізді.

             «Алатау» дәстүрлі өнер театрының баспасөз қызметі

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Алматыны бомбамен қорқытып жүрген кім?

    Алматыда жарылғыш зат туралы хабарламадан соң “Нұрлы Тау” бизнес орталығындағы адамдар эвакуацияланды деп хабарлайды NUR.KZ. Редакцияға ...