• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы басталды

    Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы басталды

    Бүгін астанада Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы басталды. EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған құрылтайға 800-ге тарта делегат қатысты. Олардың 350-і 39 мемлекеттен келген.
    Құрылтайды президент Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Президент өз сөзінде латын әліппесіне көшуді 2025 жылға дейін соза берудің қажеті жоқ екендігін, “Отандастар” қоры құрылатынын және шетелдегі қазақ балаларының Қазақстанда білім алуына бөлінетін грант екі есеге өсетіндігін айтты.
    Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды. Төрағаның бірінші орынбасарлығы Талғат Мамашев орнына Зауытбек Тұрысбековке берілді.

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    «Сәуле Әбединова: қайтыс болған адам қалай келеді?». Мақалаға ресми жауап

    Құрметті редакция!   Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры атынан кәсіби қызметтеріңізде табыс тілей отырып, adyrna.kz сайтында 2019 жылғы ...