• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Челлендж «Сенің жаңа қырың!»

    Челлендж «Сенің жаңа қырың!»

    АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолдау көрсеткен «Challenge Другой ты!» спорттық шарасы аясында Қазақстанның 4 қаласымен ауқымды «Спорттық телекөпір» өткізілді. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған мыңдаған елордалық тұрғындар иық тіресе жаттығу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет басшысы біз үшін үлгі. Нұрсұлтан Әбішұлы аталған акция аясында барлық қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырды. Елбасы өзінің Жолдауы аясында ең маңызды тапсырманы – 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысуы керектігін атап өткен болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша деен шынықтырумен айналысатын адамдардың саны 5 миллионнан асты. Біз осымен тоқталып қалмауымыз керек. Мен сіздердің барлықтарыңызды спортпен айналысуға шақырамын. Дене шынықтыру – сіздің өміріңіздің бір бөлшегіне

    айналуы керек», – деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

    Көп кешікпей жүздеген азаматтың бірлесе жаттығуы басталып кетті. Арыстанбек Мұхамедиұлы телекөпір арқылы 4 қаламен – Шымкент, Өскемен, Петропавл, Ақтау шаһарларындағы спорт белсенділерімен тікелей трансляцияға шықты. Трансляцияға 4 облыс қосылғанымен, аймақ-аймақтарда дене шынықтыру бастамасына жиналып жаттығу жасаған 10 өңірдің халқы да қосылып отыр. Спорт басқармасы басшыларының жетекшілігімен челленджге қатысушылар динамикалық музыканың сүйемелдеуімен кешенді жаттығулар жасады. Шараға белгілі спортшылар, әртістер, мәдениет қайраткерлері, өңірлерге белгілі тұлғалар қатысты. Астанадағы гимнастикаға «Самұрық Қазына» АҚ басқарушы директоры Әлішер Пірметов, Мәжіліс депутаты әрі Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, боксшы Василий Левит, Гюзаль Манюрова, әнші Жеңіс Сейдоллаұлы қатысты.

    Еске сала кетсек, жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Challenge Другой ты!» атты республикалық спорт шарасына қолдау көрсетіп, осы акцияның қатысушыларына бейнеүндеу жолдаған болатын. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Акция аясында отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, олар қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыратын болады.

    «Құрметті отандастар! Спортпен шұғылдану, жаттығу жасау – саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі кепілі болып саналады. Денсаулығы мықты адам ғана бақытты өмір сүріп, биік мақсатқа қол жеткізе алады. Бүкіл адамзатқа белгілі қағида – байлық та емес, мансап та емес. Бақыттың 90 проценті денсаулықта жатыр. Әрбір азамат «шынықсаң, шымыр боласың» деген қағиданы берік ұстанғаны абзал. Мемлекет дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, спорт саласын дамытуға жағдай жасап келе жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Барлық облыстарда стадиондар жөнге келтірілді. Барлық облыстарда теннистік кордтарды салып жатырмыз. Қазір қалаларды аралап көрсеңіздер, әрбір ауданда, әрбір аулада, яғни барлық жерлерде кішкентай спорт алаңдары жасалып, сол жерде біздің жастарымыз денесін шынықтыруда», – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.


     nationalmuseum.kz                                                                                                                                                                                                                              

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    “Қызыл Ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, таратты

    Құрбан айттың алғашқы күні   “Қызыл ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалды.  Шымкент ...