• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Батуттан зардап шеккен үш бала жансақтау бөлімінде жатыр

    Батуттан зардап шеккен үш бала жансақтау бөлімінде жатыр

    № 2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов батут аударылып, зардап шеккен балалардың жағдайын айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    “Бір баланы жансақтау бөлімінен травмотология бөліміне ауыстырдық, яғни екеуі профильдік бөлімшелерде. Үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Қазір ештеңе болжап айта алмаймын. Олар қаралып жатыр”, – деді бас дәрігер.

    Досмаиловтың айтуынша, балалардың жағдайын білуге Астана әкімі Әсет Исекешев келген.  Еске салайық, оқиға 4 мамырда болған еді. Уәлиханов көшесіндегі “Жаннұр” сауда үйінің маңында батутты жел аударып кеткен болатын. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, батут шамамен 20 метрге дейін ұшып кеткен.

    ___________________________________________________________________________________________________________________

    tengrinews.kz

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Үкімет отставкаға кетуі тиіс – Назарбаев

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкімет отставкаға кетуі тиіс деген мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды “Адырна” ұлттық ...