• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Қазақстан мен Маңғолия арасында тікелей әуе рейсі қатынамақ

    Қазақстан мен Маңғолия арасында тікелей әуе рейсі қатынамақ

    Қазақстандық әуекомпанияларға Транссібір бағытын пайдалану арқылы ұшу құқығы берілді. Қазақстан мен Ресейдің қалыптасқан екіжақты серіктестік ынтымақтастығының негізінде Ресей Федерациясы территориясының әуе кеңістігімен ұшу мәселесі жөнінде келісім жасалды, деп хабарлайды BAQ.kz.

     

    Бұл туралы ИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

    “Келіссөздердің қорытындысы бойынша, қазақстандық әуекомпанияларына Ұлан-Батыр мен Токиоға кедергісіз жаңа бағыт ашуға мүмкіндік беретін Транссібір бағыты жүйесін қолдану арқылы ұшу құқығы берілді. Аталмыш мәселе ұзақ уақыт талқыланды” – делінген министрліктің ресми сайтында.

    Сонымен қатар, қазақстандық тасымалдаушылар Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр бағыттары бойынша күн сайынғы рейстер орындау құқығын алды. Тараптар келісімді хат алмасу жолымен бекітті.


    “Бақ” кз

     

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    «Сәуле Әбединова: қайтыс болған адам қалай келеді?». Мақалаға ресми жауап

    Құрметті редакция!   Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры атынан кәсіби қызметтеріңізде табыс тілей отырып, adyrna.kz сайтында 2019 жылғы ...