• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » «Қазақстан» Ұлттық арнасы үздік күй орындаушыларына байқау жариялады

    «Қазақстан» Ұлттық арнасы үздік күй орындаушыларына байқау жариялады

    Бұл шара наурыз мейрамына орай ұйымдастырылғалы отыр. Байқауды ұйымдастырушылар күй орындау өнері бойынша еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды жастарды анықтап, олардың шығармашылық қасиеттерін шыңдамақ.

    Байқау 1-20 наурыз аралығында өтеді. Оған домбырада ойнай алатын кез келген адам немесе топ қатыса алады. Байқауға қатысуға ниет білдірген азаматтар өздерінің орындаған күйлерін бейнетаспаға түсіріп, оны 2016 жылдың 20-наурызына дейін nauryz@kaztrk.kz электронды мекенжайына жіберулері керек.

    Байқау материалдарында қатысушының аты-жөні, туған күні мен байланыс телефоны, өзі тұрып жатқан қаланың атауы мен электронды адресі  толық болуы керек. Байқаудың әділқазылар алқасының мүшелері үздік орындаушыны 20-21 наурыз аралығында анықтайды.

    Байқаудың жеңімпаздары арнайы тағайындалған құнды сыйлықтармен марапатталып, «Қазақстан» телеарнасынан көріну мүмкіндігіне ие болады. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! Ұлттық өнерді ұлықтауға атсалысыңыз!


    massaget.kz

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Алматыны бомбамен қорқытып жүрген кім?

    Алматыда жарылғыш зат туралы хабарламадан соң “Нұрлы Тау” бизнес орталығындағы адамдар эвакуацияланды деп хабарлайды NUR.KZ. Редакцияға ...