• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Атырауда «салафиттер» автобус жүргізушілерінен ақша бопсалаған – ҚР ҰҚК

    Атырауда «салафиттер» автобус жүргізушілерінен ақша бопсалаған – ҚР ҰҚК

    ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жолаушылар тасымалдаушыларынан ақша бопсалап келген топты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Атырау қаласында 2 жыл бойы «Атырау-Астрахан», «Атырау-Орал», «Атырау-Бейнеу» бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатындардан ақша қаражаттарын бопсалаумен жүйелі түрде айналысып келген адамдар тобы құрықталды. Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөлік жүріп тұрған. Ай сайын әр көлік жүргізушісінен алым-салықтың көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін құраған. Ұсталған тұлғалар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес салафиттік ағымның ұстанушылары болып табылады», – деп атап өтілген ҚР ҰҚК мәліметінде.

    Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. «Топтың алты белсенді мүшесіне қатысты күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп нақтыланған таратылған мәліметте.


    inform.kz


     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    “Қызыл Ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, таратты

    Құрбан айттың алғашқы күні   “Қызыл ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалды.  Шымкент ...