• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Қарағанды көшелерінде жарнаманың орнына қазақ ғұламаларының портреттері ілінуде

    Қарағанды көшелерінде жарнаманың орнына қазақ ғұламаларының портреттері ілінуде

    Қарағанды орталығында жарнамалық тумбалар мен билбордтарда Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлихановтың портреттерін көруге болады.

    Осылайша, жарнамалық агенттіктердің бірінің басшысы қала тұрғындарының назарын әдебиет пен тарихқа аударуды жөн көрген. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында айтылды.

    Атап өтілгендей, келешекте қала көшелерінде басқа да тарихи қайраткерлердің портреттері мен Гёте, Лермонтов және Абайдың өлең шумақтары жазылған жарнамалық тақталар пайда болады.

    «Бұл тәрбиелік мәні бар іс-әрекет. Бала билбордтағы суретті көріп, оның кім екенін сұрауы әбден мүмкін.

    Сол кезде ересектер Абайдың кім екенін, оның шығармалары туралы айтып береді. Бұл, баланың әдебиет пен тарихқа деген қызығушылығын тудырады», – дейді жарнама агенттігінің басшысы  Асқар Қарашолақов.

    Оның айтуынша, бір портретті орналастыру шашамен 35 мың теңгені қажет етеді.

    Алдағы уақытта олардың орнына қайтадан жарнамалар ілінуі мүмкін.


    inform.kz

     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    “Қызыл Ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, таратты

    Құрбан айттың алғашқы күні   “Қызыл ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалды.  Шымкент ...