• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры көрнекті жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына орай, ағымдағы жылдың ақпан айының 27-28, наурыз айының 1-2 күндері аралығында сағат 17:00-де «Құс жолы» повесінің желісі бойынша сахналанған «АНА-ЖЕР АНА» трагедиясының ПРЕМЬЕРАСЫН көрермен назарына ұсынбақ.

    Қойылым режиссері – Дина Жұмабаева.

    Спектакльдің суретшісі – Юлия Чернова, хормейстері – Ғалымжан Берекешов, балетмейстері – Гүлжан Дәулетқұлова.

    Олар сұм соғыстың жолында жастық шақтарын, асқақ армандарын, тулаған қызуы мен балауса ажарын берді. Құлаған қайың қайта көктеп, тапталған егін қайта жайқалып жер жазасы жазылса да, сол жолда құрбан болғандар қайтып келмеді…

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Ел басына түскен ауыртпалықты бір отбасының тағдырымен суреттеген заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың «АНА-ЖЕР АНА» трагедиясының кейіпкерлері алғаш рет қуыршақ бейнесінде Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының саxнасында көрерменге жол тартып, үн қатпақ.

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Ана – мәңгілік символы! Төрт бірдей азаматын Жер ананың қойнауына тапсырған Толғанай бейнесі қойылым барысында көрерменді төзімділікке, сабырлық пен қайсарлыққа шақырады.

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Адамзаттың Айтматовына айналған Шыңғыс Төреқұлұлының «АНА-ЖЕР АНА» трагедиясы еліміздің бірнеше драмалық театрларында сахналанып, әйгілі Әзірбайжан Мәмбетовтың режиссерлік қолтаңбасындағы нұсқасы Мемлекеттік сыйлыққа ие болғаны баршамызға мәлім.

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Бүгінде арада қанша жыл өтсе де, өзектілігін жоғалтпаған классикалық шығармаға дарынды режиссер Дина Жұмабаева екінші тыныс сыйлап, жаңаша форматта режиссерлік, актерлік шешімін таба отарып, жазушының суреткерлік қырын өнер сүйер жанға өзгеше тұрғыдан сипаттамақ.

    Сан ғасыр бұрын болған тарихи оқиғаны бүгінгі ұрпақтың жанына жеткізу, көз алдына келтіру – үлкен өнер. Өз ұлтының мәдениетін, әдебиетін, тарихын жан-тәнімен ұққан ұрпақ қана өзге халықтын салт-дәстүрін, тілін, әдет-ғұрпын ерекше ілтипатпен қабылдайтыны заңды құбылыс.

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Алматыда белгілі қуыршақ театры трагедияны сахналамақшы (фото)

    Театр ұжымы қадірлі өнер сүйер жанды, театр өнеріне деген сүйіспеншілігі зор, талғамы жоғары көрерменді жанына рухани азық сыйлап, көңіл пердесін әдемі күйге бөлеу үшін аталмыш премьераны тамашалауға шақырады!


    kaz.nur.kz

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    “Қызыл Ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, таратты

    Құрбан айттың алғашқы күні   “Қызыл ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалды.  Шымкент ...